Павлодарлық жас айтыскер халықаралық байқауда бас жүлде алды

Павлодарлық жас айтыскер халықаралық байқауда бас жүлде алды
Фото: Мағзұм Имантай

Байқау Алматы қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Алматы қаласында «Менің пірім – Сүйінбай» атты дәстүрлі сегізінші халықаралық жас ақындар байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш байқауда өңіріміздің намысын қорғап, Марғұлан университетінің екі студенті бақ сынады. 

Қырықтан астам жас айтыскер қатысқан байқауға павлодарлық үш ақын қатысты. Оның бірі Алматы қаласында оқығандықтан, сол өңірдің намысын қорғады. Қатысқандардың ішінде қаламызда білім алып жатқан ақтөбелік айтыскер Нұрсерік Еділбай да бар. 

Байқау қорытындысы бойынша Мағзұм Имантай іріктеу кезеңінен сүрінсе, Бексұлтан Қайдаров жүзден жүйрік атанып, бас жүлдені қанжығалады. Ал ақтөбелік Нұрсерік Еділбай мен Алматы облысының намысын қорғаған Нұршапағат Сәулет арнайы жүлде иеленді. 

Айта кету керек, жас ақындар айтысына қатысқан 40-қа жуық ақынның 16-сы іріктеліп, финалдық кезеңде сынға түсті.