Павлодарлық жас суретшілердің жұмыстары жалпы ұлттық байқауда жоғары бағаланды

Павлодарлық жас суретшілердің жұмыстары жалпы ұлттық байқауда жоғары бағаланды

Олар 11 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан – менің жарқын болашағым» жалпы ұлттық суреттер байқауына 7- 18 жас аралығындағы үш мыңға жуық бала қатысты.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің хабарлауынша, байқауға облыс орталығының балалар көркемсурет мектебінің 18 оқушысы өз жұмыстарын ұсынды. Оның қорытындысы бойынша павлодарлық жас суретшілер 11 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 8 бірінші орын.

«Жаңа Қазақстанның күші - бірлікте» номинациясының жеңімпаздары 14 жастағы Таисия Батурина, 15 жастағы Айяжан Айтбаева мен Жансая Рамазанова және 16 жастағы Аружан Аблайхан атанды. Ал «Болашақты өз арманыңмен бояңыз!» номинациясының жеңімпаздары 9 жастағы Милада Осипова мен Катриана Ленинг, 13 жастағы Айым Теміржанова және 14 жастағы Софья Чабанова болды. Суретшілер түрлі техникадағы суреттер салып, үздік болып шықты.

«Жаңа Қазақстанның күші - бірлікте» номинациясы бойынша 10 жастағы Ильзара Семигулина, ал «Болашақты өз арманыңмен бояңыз!» номинациясында16 жастағы Кирилл Кестель II орындарды иеленді.