Аққулы ауданында жеңгелер клубы ашылды
Клуб отбасылық құндылықтарды сақтауды көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Аққулы ауданының Бекмұрат Уахатов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Даналық мектебі» «Жаны жайсаң жеңгелер» клубы ашылды.
- Клубтың негізгі мақсаты - отбасылық құндылықтарды сақтау, қыз тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыруды көздейді, - делінген хабарламада.
Өз қызметінде жеңгелер мектебі тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру міндеттерін шешеді.