Павлодарлық жастар ақын шығармалары негізінде білімдерін тексерді

Павлодарлық жастар ақын шығармалары негізінде білімдерін тексерді

Байқауға 70-тен астам оқушы мен студент қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжде Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай облыс мектептерінің 10-11-сынып оқушылары мен колледждердің1-2-курс студенттері арасында облыстық «Мұзафар оқулары» білім-шығармашылық конкурсы өтті.

Қазыар алқасында болған ғалым, жазушы, журналистер конкурсқа қатысушыларды М.Әлімбаевтың шығармалары бойынша білімдері мен өздерінің шығармашылық деңгейлеріне қарай бағалады. 

Байқау «Халық - ғажап тәлімгер», «Білім - қымбат қазына, қанағат тұтпа азына», «Талант -табиғаттан, талап - өзіңнен» атты үш бағыт бойынша өтті. Онда қатысушылар ақын өлеңдері мен нақыл сөздерін жатқа оқып, оған бейнебаян түсіруден және өз шығармашылықтарын ортаға салып сайысты. 

Білімділер додасына барлығы 74 оқушы мен студент қатысты. Олардың ішінен 3 жеңімпаз, 15 жүлдегер және 9 номинация иегері анықталды.