Павлодарлық жастар Кемел Тоқаевтың шығармаларымен танысты
С.Торайғыров атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақ детективінің негізін қалаушы» атты әдеби кеші өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шара детектив жанрының майталманы, әлем әдебиетіне үлесін қосқан, қазақ детективіне жол ашқан қаламгер, қаһарман – жауынгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
- Кітапханаға келген жастар назарына қаламгердің «Солдат соғысқа кетті», «Тасқын», «Ерекше тапсырма», «Ұясынан безген құс» детективі жанрындағы шығармалары ұсынылды. Шараға қатысушылар туындыларға асқан қызығушылық танытты. Айтулы датаға орай «Ұрпақтар жадында» кітап көрмесін ұсынды, - делінген хабарламада.
Әдеби кешке Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай студенттер мен педагогтар арасында өткен республикалық «Кемел қаламгер» шығармашылық байқауының «мақала, эссе» жанры бойнша жеңімпазы Қарлығаш Қашқынбай қатысып, өз туындыларымен таныстырды.
Ұйымдастырушылар шара соңында оқырмандарға тақырып аясында әзірленген викториналық сұрақтарын қойды.