Павлодарлық жастарды ұлттық зергерлік бұйымдарды жасауға шақырады
Шеберлік сағаты «Шеберхана» жобасы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы 2024 жылғы 4 қыркүйекте сағат 16:00-де шеберлік сағатын ұйымдастырады. «Шеберхана» жобасы – тұрақты негізде өтетін шеберлік сабақтарының тізбекті қатары.
Ұйымдастырушылар шебер ретінде тек кәсіпкер ғана емес, сонымен қатар өз ісінің маманы атанған Томирис Бакибаеваны шақырды. Зергерлік бұйымдар жасау – оның құмарлығы және пассивті табысы. Томирис шамамен төрт жыл бойы осы қолөнермен айналысады. Осыған дейін ол «Арбат» жазғы жәрмеңкесіне қатысқан.
Аталмыш іс-шараға алдын ала жазылу үшін + 7 7714894555 нөміріне хабарласуға болады.