Павлодарлық әнші Қырғызстанда екінші жыл қатарынан ымдау тілінен үздік атанды
Бауқауға жеті елден 200-ден астам дарынды бала жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында ашық балалар Дельфий ойындары өтті. Өнер додасына Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресейден 200 талантты бала келген.
Елімізден Павлодар қаласының тұрғыны, №1 арнайы балабақша-мектеп-интернат кешенінің 8-сынып оқушысы Ламина Шегебаева қатысты. Ол ымдау тілінде ән айтудан жалғыз қатысушы болып бақ сынады.
Байқау екі кезеңде өтті. Қазылар алқасы көркемдік орындау деңгейі, қолданылған ым-ишараның дәлдігі, мәнерлілігі, мимика, пластика мен сахналық бейнесі критерийлері арқылы балаларды бағалады.
Ламина Шегебаева әр турда бірнеше ән орындады, оның ішінде «Ана», «Хейла», «Қазағымсын», «Тәуелсіздік» туындылары бар. Қазылар алқасының шешімімен Ламина өзінің музыкалық шығармаларының әдемілігі мен дәлдігін көрсетіп, лайықты бірінші орынды иеленді.
– Бұл ойындарға былтырдан бері дайындалдық. Қыркүйек айында Бішкекке барар алдында сабақтар өтті, – дейді дефектолог мұғалімі Диана Сағатова.
Оны ымдау тілінде ән айтуды үйретіп, дайындап жүрген ұстазы – Айсана Қажыкенованың өзі ымдау мектебінде оқыған. Қазір Айсана Қажыкенова жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, Ламина Дельфий ойындарына екінші жыл қатысып, екінші рет республикаға жүлделі орындарға ие болды. Бірінші рет ол өткен жылдың желтоқсан айында жеңіске жетті. Жүлде ретінде оқушы медаль мен сертификатқа ие болды.