Павлодар облысында биыл шегірткелердің «шабуылы» болуы мүмкін бе?
Аймақтың бірқатар аудандарында шегірткенің стадиялық емес түрлері байқалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Марат Ақтаев мәлімдеді. Ол облыстағы фитосанитарлық жағдай жайлы таныстырып өтті.
– Железин, Павлодар, Шарбақты, Тереңкөл аудандарында экономикалық зияндылық шегінен аспайтын стадиялық емес шегірткелердің жекелеген түрлері байқалады, – дейді Марат Ақтаев.
Оның сөзінше, Ресей Федерациясы, СҚО, Ақмола облысымен шекаралас аудандардың бойында зиянды шегірткелердің қоныстануы табылмады.
– Облысқа итальяндық прустың көші-қон қаупі жоқ. Алайда Баянауыл ұлттық табиғи паркінде аумағында 2560 гектарда италиялық прус жұмыртқа салды. Аталған жерлерде инспекция химиялық өңдеу жүргізді, – деп атап өтті Марат Ақтаев.–Жағдай бақылауға алынды.
Асайын Байханов зиянкес шегірткелердің қауіпін алдын ала ескеру кереткігін атап өтті.
– Биыл шегірткелердің таралуының жоқтығы байқалмаса да, келесі жылы бұл қайталануы мүмкін деп сеніп отырмау керек. Сіздер босаңсып қалмаңыздар. Қазірден бастап дернәсіл жерлерін тексеріп, өңдеуге кірісу қажетсіздер, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы бұл мәселеге қатысты қатаң бақылауды жүргізу облыс әкімінің орынбасарына тапсырды.
Фото: Константин Шелков