Павлодарлықтар дүкен сөрелерінен пайдалы нан мен жұмыртқаны көре алады
Азық-түліктердің қаптамасында алаяқтықтың алдын алу бойынша ескерту сипатындағы ақпарат орналастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті полицейлер алаяқтықтың алдын алудың креативті әдістерін енгізуде.
– «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі Жетекші кентінің әкімдігімен бірлесіп жергілікті тауар өндірушілермен уағдаластыққа қол жеткізді, – деді департаментте. – Азық-түлікті сатып алғанда тұрғындар алаяқтықтың алдын алу бойынша ескерту сипатындағы ақпаратты алады.
Енді алаяқтық түрлері туралы ескерту сипатындағы ақпарат Павлодар қаласының тұрғындарына таратылып қана қоймай, сонымен қатар халыққа бірінші кезектегі азық-түлік қаптамасына орналастырылған қосымша жадынамалар салу арқылы жеткізіледі-бұл нан-тоқаш өнімдері, жұмыртқа және басқа да азық-түлік өнімдері.
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті ұсынды
Полиция департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарынан қырағы болуды сұрайды. Ешбір жағдайда белгісіз адамдарға олардың банктік картасы туралы деректерді, сондай-ақ жеке деректерді, банктердің мобильді қолданбаларының құпия сөздерін және кез- келген басқа қаржылық деректерді бермеуге болмайтынын ескертеді.