Павлодарлықтар экология қорғауға арналған бейнероликтер байқауына қатыса алады
Жас пен тұрғылықты орынға шектеу жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының жастар орталығының мәліметінше, туған өлкенің экологиясына арналған бейнероликтер жасауға арналған экологиялық байқауы жарияланды.
– Экологиялық сауаттылықты арттыру және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруда өзіңіздің идеяларыңызбен бөлісіп, туған өлкеміздің табиғи байлықтарын қалай сақтауға болатынын көрсетіңіз, – делінген хабарламада.
Байқауға Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Жас пен тұрғылықты орынға шектеу жоқ. Қатысушылар экология, табиғи ресурстар, туған өлкенің қоршаған ортасын қорғау туралы өзі түсірген, авторлық құқықтарға сәйкестігі бар 3 минутқа дейінгі бейнеролик дайындау керек.
Қараша айының 4 - 15 күндеріне дейін бейнероликті WhatsApp арқылы +7 776 102 2000 нөміріне аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді және жұмысыңыздың қысқаша сипаттамасын қосып жібересіз.
Бейнероликті тақырыпқа сәйкестікті, тдеяның ерекшелігі мен шығармашылық және көркемдік орындауына қарай бағалап, жеңімпаздарды жастар орталығының Instagram прақшасында жариялайды.