Павлодарлық сарбаздар республикалық ән байқауында ноутбук ұтып алды

Павлодарлық сарбаздар республикалық ән байқауында ноутбук ұтып алды
Фото: Білім бөлімі

Аталмыш байқауға 150-ден астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери - патриоттық қозғалысының құрылғанына бес жыл толды. Мерейтойға орай «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық ән фестивалі өтті. Бұл байқау ҚР Қарулы Күштерін Ұлттық әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығының базасында ұйымдастырылды.  

Фестивальге республиканың барлық өңірлерінен 150-ден астам қатысушы қатысып, бақ таластырды. Павлодар облысының атынан Баянауыл ауданының, Майқайың кентіндегі Мұхтар Әуезов атындағы мектеп оқушыларының хоры қатысты. 

Фестиваль қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы жалпы командалық байқауда екінші орынға ие болды. Оқушылар грамоталармен және ноутбукпен марапатталды.