Павлодарлықтар екі апта ішінде тұмауға қарсы екпені салдыра алады

Павлодарлықтар екі апта ішінде тұмауға қарсы екпені салдыра алады
pexels.com

Вакцина бірінші кезекте балалар мен созылмалы аурулары бар науқастарға салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Павлодар облысының тұрғындарын тұмауға қарсы вакцинациялау 15 қыркүйекте басталады. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышева мәлімдеді. 

- Осы жылы денсаулық сақтау басқармасы тұмауға қарсы "тұмау плюс" вакцинасының 90 мың дозасын сатып алды. 1 қарашаға дейін біз вакцинация процедурасын аяқтауымыз керек, - деді ол. 

Ең алдымен, вакцинация тәуекел санатындағы адамдарға жасалады. Яғни мұнда балалар, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар науқастар, жүрек-қан тамырлары жүйесі, онкопатологиясы бар науқастар ала алады. 

Айта кетелік, тұмауға қарсы екпе тегін салынады.