Павлодарлық эпидемиолог: Қақпақтары көтерілген банкаларды бірден жою керек
Күзгі кезеңде ботулизмнің алдын алу мәселелері өзекті болып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова мәлім етті.
– Ботулизм – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен қатар жүретін токсиндермен улану. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылуы мүмкін. Көптеген жедел жұқпалы аурулардан айырмашылығы – ботулизм кезінде температураның жоғарылауы байқалмайды, – деді Гүлнар Ақылбекова.
Оның сөзінше, соңғы бес жылда ботулизм ауруына күдігі бар науқастар болған, алайда жұқпалы ауру расталмаған.
– Бүгінде облыста бұл аурудың жағдайлары тіркелмеді. Қазір көбі қысқыға дайындық жасай бастайды, сондықтан ботулизм мәселесін көтеруді жөн көрдік. Олар көбіне қысқыға консервілеген кезде қауіпсіздік шараларын сақтамайды, – деді спикер.
Дәрігердің айтуынша, «үйдегі» консервілердің қауіпсіздігін жай ғана көзбен арқылы білуге болмайды. Ботулоинум токсині тағамның түсін, иісін және дәмін өзгертпейді, сондықтан да сақтық шараларын қолдану өте маңызды.
– Консервілеу өнімдері шаң мен кірден мұқият тазалануы керек. Үй жағдайында консервілеуге болмайтын өнімдер бар. Олардың қатарына ет, балық, саңырауқұлақтар және шөптер жатады. Әсіресе ботулизмнің көптеген жағдайларын тудыратын саңырауқұлақтар қауіпті. Қақпақтары көтеріліп ісінген банкаларды бірден жою керек, – деді Гүлнар Ақылбекова.
Спикердің айтуынша, ботулизм жұқпалы ауруына шалдыққан науқасты бірден ауруханаға жатқызады. Бұл ауру күрт асқынған жағдайда өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан мамандар алдын алу шараларды сақтап, базарлардан үй консервілерін, үй жағдайында әзірленген шошқа майы мен шұжық сатып алмауды ескертеді.