Павлодарлықтар көшпенділер форумын жеңіспен бастады

Павлодарлықтар көшпенділер форумын жеңіспен бастады
Фото: Есенжол Исабек

Бұл жерде асық ату бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының сапындағы Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай туралы айтылып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар Моңғолиядан келген қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Бұл ретте павлодарлық Жомарт Нұрланов ең жылдам жеңіске қол жеткізді. Алдағы уақытта олар Өзбекстан, Испания, Грузия, Венгрия командаларымен кездеседі.

Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы да Венгрия құрамасын 3:0 есебімен ұтып, өз тобындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Енді олар Қырғызстан, Швеция және Румыния командаларымен ойнайды.

Бірақ Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қожайындары көкпарда ең ірі жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан келген көршілерін 16:0 есебімен ұтты. Көкпар жарысы «Қазанат» ипподромында өтуде. Оған тоғыз ел қатысуда: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия. Командалар екі топқа бөлінген.

Жақын маңда жамбы ату – ат үстінде садақ ату бойынша жарыстар өткізіліп жатқандығын айта кеткен жөн. Қырғызстандық атқыш Алтынбек Изабеков бұл спорт түрімен көптен бері айналысып жүр және жарыста жеңіске жетуге бел буып отыр.

- Біз барлық қарсыластарымызға сыйластықпен қараймыз. Бауырлас қазақ халқына қонақжайлылығы үшін рахмет: бәрі тамаша ұйымдастырылған, мүлде жоғары деңгейде. Барлығына сәттілік тілеймін, мықтылар ғана жеңіске жетсін, – дейді Алтынбек Изабеков.

Көшпенділер ойындарында Павлодар облысы атынан барлығы жеті спортшы қатысуда: Серік Ақтаев пен Ернұр Мерешев Овариде өнер көрсетеді. Асық атуда – Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай. Орда ойынынан Саят Қизат, кураштан Алтынай Нұрханова, абай күрестен Мұхтар Дәлелханұлы өнер көрсетеді.

Медальдық есепте турнирдің бірінші күнінен бастап қазақстандықтар көш бастады: қоржында барлығы 25 медаль – 14 алтын, үш күміс және сегіз қола медаль. Қырғызстан 14 медальмен екінші орында, ресейліктерде он медаль бар.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Павлодар облысының шығармашылық ұжымдары концерт ұйымдастырды. 

«Нұр» би ансамблі «Шат көңіл» композициясымен концерттік бағдарламаны ашты. Рүстембек Омаров атындағы халық аспаптар оркестрі «Ән шашу» сыйлады, ал Серік Рысбек, Жібек Айтбаева, Мадияр Бақтияров және «Samiyan» вокалдық тобы «Ертіс-Баян» әнімен зор қошеметке бөленді.