Павлодарлықтар медициналық ұйымдарды өздері таңдай алады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді орналастыру рәсімін аяқтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ облыс бойынша филиалының мәліметінше, оның қорытындысы бойынша өнім жеткізушілер арасында 2,4 триллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Былтыр 31 қаңтарындағы жағдай бойынша Қор медициналық көмек көрсетуге екі триллион теңгеден астам сомаға 1 857 денсаулық сақтау саласының субъектісімен келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар 1 640 субъект қазірдің өзінде 358 миллиард теңгеден астам сомаға аванстық төлем алып отыр. Аванстық төлем төлеу әлі де жалғасып жатыр.
– Мәселен, биыл медициналық қызмет жоспары бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде 2,8 триллион теңгеден астам қаражат, соның 1,2 триллион теңгеден астамы МӘМС бойынша қарастырылған. 2023 жылмен салыстырғанда шығыстар 9%-ға өсті. Салыстырар болсақ, 2023 жылғы сатып алу жоспары 2,5 триллион теңгені құрады, – деп жазылған хабарламада.
Стационарлық көмекке шамамен – 574 млрд теңге, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке – 552 миллиард теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке шамамен – 414 миллиард теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 251 миллиард теңге, онкологиялық көмекке – 161 миллиард теңге, жедел медициналық көмекке – шамамен 113 миллиард теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке 93 миллиард теңгеден астам және медициналық оңалтуға 81 миллиард теңге қаражат бағыттау жоспарланып отыр.
Өткен жылы жылы денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидасына бірқатар өзгеріс енгізілді. Өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтіліп, төрағаның орынбасары болып денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес өкіл белгіленіп, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау (СЭБК) және медициналық және фармацевтикалық бақылау (МФБК) комитеттерінің өкілдері енгізілді. Сонымен бірге қағидаға комиссия мүшелерінің бұған дейін өтінім берген көмек түрлеріне келісімшарт жасалмаған денсаулық сақтау субъектілеріне қосылды. Қорға өнім жеткізушіден жаңа 209 өтінім берілсе, олардың ішінде өңірлік комиссиялар сатып алу рәсімдерін өткізу барысында 117 денсаулық сақтау субъектісіне барды.
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек субъектінің қызметтерін сатып алуға қатысу үшін адам саны 1,5 мың адамнан кем және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тіркелген халқы үш мың адамнан аз, қызмет көрсету тәжірибесі бір жылдан астам МСАК субъектілері үшін шектеулер енгізілді (бұл жалпы практика дәрігерінің/отбасылық дәрігердің кемінде екі учаскесі).
Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу азаматтарға медициналық көмек көрсетуге жеке өнім берушілерді де тартуға мүмкіндік берді. Осылайша, МӘМС клиникалардың пациент үшін бәсекелестігін ынталандырады. Пациенттің белгілі бір медициналық қызметті таңдау мүмкіндігі пайда болғандықтан, медициналық ұйымдар адамдарды тартуы үшін жақсырақ жағдай жасап, қызметті жетілдіруі керек.
Қордың өнім жеткізушілерінің тізімін fms.kz сайтының «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімінен табуға болады.