Асайын Байханов Павлодардағы адамдарға лық толы «Jailau» базарын көрсетті (ВИДЕО)
Мұнда мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Асайын Байханов фермерлер базарына барған сапары туралы Instagram парақшасында айтып берді. Ол сенбі күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне өзге де келушілер сияқты трамваймен тегін келді.
Өңір басшысы алдымен көшедегі сырттағы сауда орындарын аралап шықты және көлік толып қалған автотұраққа назар аударды. Сондай-ақ ол базардың қай жерде орналасқанын және оны қалай табуға болатынын еске салды.
Базар ішінде облыс әкімін ең алдымен әлеуметтік өнімдердің бағасы қызықтырды. Алдын ала хабарланғандай, азық-түлік бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен болды. Мәселен, қырыққабаттың келісі 100 теңге, сәбіз – 95, қызылша – 140, картоп – 95 теңге. Қала тұрғындарының мұндай бағаға сапасыз тауар әкелінетінін айтып шағымданғанын ескерген Асайын Байханов түйнекті кесіп тексеріп, сапасын көрсетті.
Базарда 95 теңгелік әлеуметтік нанға деген сұраныс та артып келеді – бүгін 1000-нан астам, өткен аптада 800 нан әкелінді.
Сатып алушылар арасынан қысылып, әрең өткен облыс әкімі базарды кеңейту керек екенін аңғарды. Өйткені саудада адам көп, іші тар болуда. Келушілердің бірі іште жақсы желдету құрылғысы болуы керек екенін атап өтті.
Қорытындылай келе, Асайын Байханов оқырмандарды пікір жазу кезінде дауласпауды сұрады және сындарлы қойылған сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, ол бойынша жұмыс жасалатынын айтты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы павлодарлықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, баршаға денсаулық пен амандық тіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram