Павлодарлықтар туристердің республикалық слетінен жүлдемен оралды
«Менің Отаным - Қазақстан!» деген атпен ұйымдастырылған республикалық слет Орал қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, шараға еліміздегі барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180 жас туристерден тұратын 20 туристік экспедициялық жасақ командасы қатысты. Павлодар облысының атынан Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының «Искра» туристік клубының 9 оқушысы мен тәрбиеленушілерінен құралған құрама команда қатысты.
- Жалпы, біздің команда лайықты өнер көрсетті. Барлық номинациялардан өту нәтижелері бойынша «Павлодар» командасы рейтингтік балл санау кестесінде үшінші орынға ие болды. Қатысушылар үшін қалалық экскурсия ұйымдастырылды. Орал тарихи оқиғаларда есте қаларлықтай орын алады, мұражайларда әр дәуірдің жәдігерлері сақталған. Әсіресе, Емельян Пугачев көтерілісінен кейінгі кезең туристерді ерекше қызықтырды, - дейді команда жетекшісі, экология және туризм орталығының педагогі Рустам Кенжин.
Слет үш блок бойынша өтті. Шығармашылық блокта «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнері» аталымында Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының оқушысы Қанаш Ернұр І орынды иеленсе, туристік ән конкурсында Павлодар қаласының №41 ЖОМ оқушысы Даниля Биянова «Мама, я хочу домой» туристік әнімен ІІ орынды еншіледі.
Өлкетану блогында «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнері» аталымында Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының оқушысы Қанаш Ернұр, «Туризм-спорт, денсаулық, демалыс» номинациясы бойынша «Искра» туристік клубының тәрбиеленушісі Екатерина Воробьева өнер көрсетті.
Ал «Туристікке дергілер жолағы» туристік блогында өз командасының намысын Александр Герасько, Асем Имангазина, Светлана Франк, Элина Артамонова, «Искра» туристік клубының тәрбиеленушілері қорғады. «Құзға өрмелеуде» Всеволод Логвиненко пен Милана Кривошеева, «Искра» туристік клубы қатысты.
Слеттегі қашықтық әр түрлі болды. Қатысушылар кросс-жорықтан өтті. Айта кетерлігі, жарыс қатысушылары слет тарихында алғаш рет құзға өрмелеу сайысында бақ сынады.