Павлодарлықтар ЖИ-мен жұмыс істеу машықтарына үйренеді

Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық Жалпыұлттық социал–демократиялық партиясының филиалы «Цифрландыру баршаға» жобасы аясында жасанды интеллекттің негізгі құралдарын үйретуге бағытталған тегін офлайн-практикум өткізбек. Шара 9 қазан, сағат 15:00-де Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орталық әмбебап кітапхананың кіші залында өтеді.
Қатысушылар жасанды интеллектті күнделікті өмірде, жұмыста және шығармашылықта тиімді қолдануды үйренеді. Генеративті жасанды интеллект құралдарымен жұмыс, ChatGPT, Gemini және басқа да нейрожелілердің мүмкіндіктерін зерттеу, дұрыс сұраныс құрастыру арқылы сапалы мәтіндер, идеялар және дайын шешімдер алу әдістері және де VEO 3 арқылы бейне жасау көрсетіледі.
Жаңаша видеогенерация технологиясын пайдаланып, бейнемонтаж тәжірибесінсіз-ақ әсерлі бейнероликтер құрастыруға мүмкіндік беріледі.
Практикум жасанды интеллектті меңгергісі келетін барша тұрғындарға арналған. Әсіресе: жұмыс пен оқуда өнімділікті арттырғысы келетіндерге, заманауи цифрлық дағдыларды игергісі келетіндерге, шығармашылық әлеуетін ашқысы келетіндерге, жаңа технологиямен қатар жүргісі келетіндерге тиімді болмақ.
– Жасанды интеллект күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Біздің мақсатымыз – облыс тұрғындарына оны дұрыс әрі тиімді қолдануды үйрету. Бұл олардың кәсіби дамуына ғана емес, сонымен бірге шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге де жол ашады, – дейді жоба ұйымдастырушылары.
Қатысу тегін, бірақ орын саны шектеулі, тіркелу осы нөмер бойынша өтеді: +7 776 400 60 50