Павлодарлықтар қала әкімінен ауладағы футбол алаңын кеңейтуді сұрады
Бұл туралы Хасар Хабылбеков өзінің Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шаһар басшысы Қамзин көшесі, 362-үйдің тұрғындарымен кездесті.
– Бұл үйдің тұрғындарымен бұған дейін де кездескен едім. Олар шағын футбол алаңын салуды сұраған болатын. Қазіргі уақытта жұмыс басталды. Алайда, тұрғындардың арасында өзара келіспеушіліктер туындап отыр. Біреулері бұл аумақты спорт алаңының есебінен ұлғайтқысы келеді. Ал өзге тұрғындар бұған қарсы, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Кездесу қорытындысы бойынша футбол алаңын кеңейту үшін тұрғындардың қолын жинап, келісімдерін алу туралы шешім қабылданды.