Павлодарлықтарды донор болуға шақырады

Павлодарлықтарды донор болуға шақырады
Фото: Константин Шелков

Тек екі санаттағы қан топтары қажет емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық қан орталығының мәліметінше, орталыққа барлық қан топтары бойынша донорлар керек. Тек үшінші «АВ» оң және теріс қан топтарын қажет етпейді. 

Қан тапсыруға ниет білдірушілер Естай көшесі, 89 мекенжайында орналасқан ғимаратқа сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін бара алады. Орталық қызметкерлері донорлардан жеке куәлігін алып келуді сұрайды. 

Барлық сұрақтар бойынша осы нөмірлерге хабарласып, жауап ала аласыздар: 8 (7182) 32-48-32, 8 (777) 462-80-43