Павлодарлықтарды құстарға ұя жасауға шақырады

Павлодарлықтарды құстарға ұя жасауға шақырады
Фото: Константин Шелков

«Қанатты достар»  экологиялық акциясы 15 наурыз - 15 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы қала тұрғындарын «Қанатты достар» аймақтық акциясына қатысуға шақырады.

Акция барысында келесі іс-шараларды өткізу ұсынылады: 

– Жасанды ұяларды дайындау және ілу (сары шымшық, қараторғайдың үйшіктері, т.б.);

– Қазақстан Республикасының сирек құстары, олардың маңызы туралы рефераттар дайындау, әңгімелер, «дөңгелек үстелдер» өткізу;

– Арнайы қабырға газеттері, плакаттар мен фотожинақтар шығару;

– Қолдан жасалған бұйымдар, суреттер сайыстары және көрмелерді ұйымдастыру;

– Экологиялық мерекелер, КТК және т.б. өткізу.

Айта кетейік, байқаудың қорытындыларын шығару келесі өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады:

– байқау көлемінде өткізілген шаралар туралы ақпаратты БАҚ-та орналастыру;

–  байқау қатысушыларының саны;

–  іс-шаралардың түрлері мен саны;

–  ұсынылған материалдың байқаудың тақырыбына сәйкес келуі;

–  рәсімдеудің өзгешелігі мен бейнелілігі;

– компьютерлік графика құралдары арқылы ашылып көрсетілу деңгейі.

Сондай-ақ, өтінімдер мен есеп беру материалдары «Қанатты достар» белгісімен 2024 жылы 12 сәуірге дейін ekotyr@goo.edu.kz e-mail-ге қабылданады. 

Аталмыш науқан жайында толық ақпарат алу үшін осы ұялы байланыс телефондарына хабарласуға болады: 87778659378; 87075016642; 333-024.