Павлодарлықтарға 6 қыркүйекте ашық ауада демалуға кеңес беріледі

Павлодарлықтарға 6 қыркүйекте ашық ауада демалуға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша жасыл деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 21 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы жасыл рейтингке қосқан төмен көрсеткіші.

– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейге сәйкес, аталған концентария бір текше метрге 3,8 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.

«IQAir» 6 қыркүйек күні далада демалуға және үйдегі терезелерді ашық ұстауға ұсынады.

Дәл осындай ауа сапасы келесі жұма күнге дейін сақталады.

Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).