Павлодарда танымал итальяндық әндерден нағыз шоу көрсетіледі

Павлодарда танымал итальяндық әндерден  нағыз шоу көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сахнада бірнеше шығармашылық топ өнер салады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

11 сәуірде кешкі сағат 19:00-де И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік залында «MUSICA VITA MIA» концерті тағы да өтеді. Алғашқы концерт қаңтарда ұйымдастырылған болатын. 

– Концертте филармония солистері, вокалдық топтар, хореографиялық ансамбльдер, камералық хор және джаз оркестрінің нағыз шоуы көрсетіледі, – деді филармонияда. 

Бағдарламада әлемге әйгілі болған және поп-музыка тарихына мәңгілік енген итальяндық орындаушылардың 80-жылдары Санремо фестивалінде алғаш рет орындалған әйгілі хиттері, сондай-ақ итальяндық музыканың классикасына айналған шығармалары орындалады «Dicitencello vuje» (Скажите, девушки, подружке вашей), «Selene», «Volare», «Mambo Italiano».

Концерттің билеттерін Ticketon.kz сайтынан немесе филармонияның кассасынан сатып алуға болады. Анықтама телефондары 8 (7182) 22-80-87, 8 (775) 593-08-97.