Павлодарлықтарға түйіндемені дұрыс жазуды үйретеді

Павлодарлықтарға түйіндемені дұрыс жазуды үйретеді
Фото: Константин Шелков

Мамандар жұмысқа оңай орналасу тәсілдері жайлы сөз тарқататын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында 4 қазан күні сағат 15:00-де сұхбаттасу бойынша тегін шеберлік сабақ өтеді. Қатысушылар жұмысқа орналасуда нені ескеріп, қалай дұрыс ұстау керектігіне үйренеді. 

Шеберлік сабақты Қазақстан HR қауымдастығының мүшесі, қызметкерлер бөлімінің басшысы Ксения Зотова мен әлеуметтік психолог, байланыс бойынша жаттықтырушы Айман Самиева жүргізетін болады. 

Кездесуге 8 (705) 625-95-87 телефоны арқылы жазылуға болады.