Павлодарға ауыр анемияға шалдыққан әйел санавиациямен жеткізілді

Павлодарға ауыр анемияға шалдыққан әйел санавиациямен жеткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Науқас ТЖМ тікұшағымен тасымалданды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Ақтоғай ауданының тұрғынына бейінді маманның шұғыл медициналық көмегі қажет болды. Сол себепті бортта мобильді бригадасы бар ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы медициналық авиация желісі бойынша кезекті тасымалдауға шықты. 

Облыс орталығында 1977 жылы туған науқасты медициналық авиацияның реанимобилі күтіп алып, емдеу мекемесіне жеткізді, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Әйел адамға ауыр дәрежедегі созылмалы апластикалық анемия диагнозы қойылды. Науқасты Павлодарға Сұлтанов атындағы клиникалық ауруханаға жеткізді, реаниматолог және медбике бірге жүрді.