Павлодарлық емханаларды ірі медициналық ұйым «жеп қойды»
Облыста барлығы 30 амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуші мекеме бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жангелді Шайымбетов мәлім еткендей, 30 аймақтық емхананың 15-і мемлекеттік, қалған 15-і жеке медициналық ұйымдар. Өткен жылы 32: шағын емханалар ірі мекемелерге қосылды.
– Шағын медициналық ұйымдар ірілерімен бірігуде. Осылайша, «Profimed» және «Медфарм» жабылды, бұл емханаларды «Viamedis Pavlodar» сияқты ірі клиникалар сатып алды, - деді Жангелді Шайымбетов.
Айта кетейік, соңғысы халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ең ірі медициналық ұйым болып табылады. «Viamedis Pavlodar» 70 мыңнан астам павлодарлыққа қызмет көрсетеді, екінші және үшінші орындарды «Almaz medical group» және №1 емхана бөлісуде – олардың әрқайсысында 65 мың пациент бар.
Қызмет көрсетуші емханалардың толық тізімін fms.kz сайтынан табуға болады.