Павлодарда сазгердің 70 жылдық мерейтойына орай авторлық ән кеші өтеді

Павлодарда сазгердің 70 жылдық мерейтойына орай авторлық ән кеші өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Концертті Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 маусымда сағат 15:00-де Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік залында Ертіс-Баян өңірінің руханиятына өлшеусіз үлес қосқан, ән мен күйді өмірінің өзегіне айналдырған сазгер, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Асылбек Әбдікәрімовтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Өмірім әнмен өрілген» атты шығармашылық кеш өтеді. 

Бұл кеш – саналы ғұмырын өнерге арнаған азаматтың әнмен көмкерілген тағдырының айғағы. Кеш барысында Асылбек ағаның жүрегінен туып, жүрекке жеткен шығармаларымен қатар, ел ішіндегі, өңірдегі ардақты ақындарымыздың сөзіне жазылған әндер орындалады. Бұл – композитор мен жергілікті қаламгерлер арасындағы рухани үндестіктің, шығармашылық жарасымның айқын көрінісі, – деді филармонияда.

Концертке Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, камералық хор, «Шаңырақ сазы» халықтық фольклорлық ансамблі, «Ару ана», «Сағым жылдар», «Асыл жандар» вокалдық ансамбльдері, «Жас қанат» студиясы, «Думан» тобы қатысады.