Қазақстандық дзюдошы Португалияда Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Португалияда Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Жарыстың алғашқы күнінде жеңіл салмақтағы дзюдошы Әбиба Әбужақынова сынға түсіп, қола жүлдеге қол созды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Абиба Абужақынова қола жүлдеге дейін барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жеңді. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетерлігі, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.