Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.
Сондай-ақ Президент бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Екібастұз ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ қиын-қыстау жағдайда шыдамдылық танытқаны және апат салдарын жою кезінде азаматтық белсенділік көрсеткені үшін екібастұздықтарға алғыс айтты.