Президент: Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

Президент: Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы
Фото: akordapress

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев аруларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы әйелдер түрлі салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келетінін айтты. 

– Ардақты аналар бүкіл саналы ғұмырын баласының болашағына арнап, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп отыр. Осы мәртебелі миссиясын кәсіби қызметімен және қоғамға пайдалы жұмыстармен бірге атқарып жүрген арулар да аз емес.Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы,– дейді президент.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы еліміздің қыз-келіншектері жасампаздық қасиетімен қоғамның құндылықтар жүйесін жаңартуға және Әділетті Қазақстанды құруға өлшеусіз үлес қоса береді деп сенетінін атап өтті.