Прокуратура қазақстандықтарға ұлтаралық қақтығысқа жол бермеуді ескертті

Прокуратура қазақстандықтарға ұлтаралық қақтығысқа жол бермеуді ескертті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұндай әрекеттер жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы 13 тамызда Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықтың өсуіне байланысты маңызды хабарлама жариялады.

Мамандардың айтуынша, ұлтаралық араздық – қоғамдық қақтығыстың ең қауіпті түрлерінің бірі. Мұндай қақтығыстар зорлық-зомбылыққа, әлеуметтік тәртіптің бұзылуына және этникалық-мәдени топтар арасында терең жауластыққа әкелуі мүмкін.

Қылмыстар көбіне Instagram, TikTok, Threads сияқты әлеуметтік желілерде жасалады, онда әрбір қолданушы өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік алады.

Ұлтаралық сипаттағы жазбалар Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2-7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал ауыр салдар туғызған жағдайда 12-20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін. Бұл құқық бұзушылық экстремистік қылмыстар қатарына жатады, – деп еске салды Қарағанды облысының прокуратурасы.

Мұндай адамдар істің мән-жайын мойындап, қоғам алдында кешірім сұрағанымен, бұл жауапкершіліктен босатпайды. Олар амнистия, өтемақы немесе қылмыстық істердің ескірген мерзімі арқылы босатылмайды.

Прокуратура барлық азаматтарды заң нормаларын сақтау, әр хабарлама мен пікірге жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мамандардың айтуынша, тек қана құқықтық мәдениет пен бір-біріне құрмет арқылы қоғамда бейбітшілік, тұрақтылық пен сенімді сақтау мүмкін.