«Прокуратура қызметкерімін»: Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеу басталды

«Прокуратура қызметкерімін»: Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеу басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұсталған адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бопсалаушы ұсталды. 

Әлеуметтік желіде облыс прокуратурасының қызметкері ақшалай қаражат бопсалағаны туралы ақпарат таралған. 

–  2024 жылғы 9 ақпанда қала тұрғыны облыс прокуратурасының жеке қауіпсіздік қызметіне прокуратура қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты шағыммен жүгінді. 10 ақпанда облыстық полиция департаменті ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – дейді прокуратурада. 

Күдікті сол күні ұсталды және жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылды. Ұсталған адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.