Референдум: Павлодар облысында тұрғындардың қанша пайызы келді?
ҚР ОСК азаматтардың келуі туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазан күні сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.
Көшбасшы үштікке Қызылорда облысы (76,15 %), Түркістан облысы (70,73 %), Ақтөбе облысы ( 68,41 %) кірді.
Павлодар облысында азаматтардың 58,70% дауыс берген.
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылған.