Семей тұрғыны өз қаласын Павлодармен салыстырды

Семей тұрғыны өз қаласын Павлодармен салыстырды
Фото: автор

Семей сыннан сүрініп, Павлодар үлгіге айналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Абай өңірінің ABAI NEWS басты Telegram арнасының жаңалықтар лентасында Семей қаласының тұрғынының Павлодарда көргені туралы өз әсерімен бөлісіп, трамвайдың тыныш өткелдерін өз қаласына үлгі ретінде келтірген видеосы пайда болды.

«Қаламыздың бір тұрғыны Павлодардағы теміржол өткелдерінің қандай тамаша жағдайда екенін көрсететін тағы бір салыстыруды түсіріп алды. Біздің өткелдерді түсірудің қажеті жоқ... Біз олардың жағдайын әр кезде сеземіз, үстінен өтіп, ыңғайсыз күй кешеміз», - деп жазады әріптестер.

Жазба авторлары Семейдегі теміржол өткелдері әлі де тиісті жағдайға келтіріледі деп үміттенеді.

Еске салайық, Павлодар трамвай басқармасы қала билігімен бірлесе отырып, 2017 жылы трамвай өткелдерін «тыныштандыру» мақсатында жөндеу жұмыстарын қолға алған болатын. Алғаш рет Назарбаев және Лермонтов көшелерінің қиылысындағы өткелдер жаңартылса, кейіннен жұмыс қаланың басқа аудандарына да таралды. Содан бері бұл процесс жалғасуда: 2025 жылдың басына дейін қолданыстағы 54 өткелдің 39-ы жаңартылды. Жоспар бойынша, қалғандары 2025-2026 жылдар аралығында ретке келтіріледі.