Сенбіде Павлодар облысында тұманды болады

Желдің жылдамдығы 5-10 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 22 ақпанда облыстың солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Сынап бағанасы күндіз -5...-10 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда көшпелі бұлтты, аздаған қар жауып, тұманды болады. Ауа температурасы күндіз -8...-10 °C-қа дейін төмендейді.