Павлодар облысында апта бойы қар жауады
Түнде -10°С-қа дейін суытады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 11 наурызда желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз -4...+1°С болады.
12 наурызда жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, ал күндіз -4...+1°С-ты көрсетеді.
13 наурызда облыстың басым бөлігінде қар жауады. Түнде -5...-10, батыста -13°С, ал күндіз -1...-6, батыста -9°С болады.
14 наурыз күні де қар жауады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы -10...-15°С, ал күндіз -3...-8°С-ты көрсетеді.
15 наурызда жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы -5...-10°С, ал күндіз -3...-8°С болады.