Сенбі Павлодар облысында бұлтты болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 22 қараша ауа температурасы -2...-7 °C болады. Қар жауып, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, батысында тұман болжануда.
Павлодарда сынап бағанасы -3...-5 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады.