Сенбіде Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді

Сенбіде Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Фото: Константин Шелков

Аймақта желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Қазгидрометтің" мәлімдеді. 

26 тамыз күні облыс бойынша түнде ауа температурасы +5...+10-ға дейін төмендейді. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +20...+25°C-ге дейін көтеріледі. 

Ал Павлодар қаласында түнде +5...+ 7, күндіз + 22...+ 24°C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады.