Павлодар облысында қол жетпейтін жерлерде шыбын-шіркеймен қалай күреседі?
Биологтардың ұсынысы бойынша сарбаздар күні-түні дезинсекциялау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстағы шыбын-шіркейлерді улау жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер «VIK LTD» ЖШС-нің өкілі Бауыржан Жанақовтың айтуынша, авиациямен өңделген аумаққа қолайлы жағдай жасау және бақылау жасау үшін ауданның картасы цифрландырылған.
– Ағымдағы жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шыбын-шіркеймен күрес шараларын күшейту үшін өз қаражатымызға қосымша екі аэрозоль дисперсиясын реттейтін генератор сатып алдық, – деді маман. – Қамту диапазоны жел тұрғанда 500-ден 800 метрге дейін жетеді. Бұл құрал адамдар да, ұшақтар да жете алмайтын, жету қиынға соғатын, өтуге болмайтын жерлерде қолданылады.
Спикердің айтуынша, олар 127 мың гектар алқапты, оның ішінде жасыл желектерді, электр желілерін, жаяу және суға түсу қиын жерлерді өңдеуде. Павлодар, Ақтоғай, Ертіс аудандары, Павлодар, Ақсу қалалары қамтылған.
Ертіс жоғарғы ағысында өз арнасына түсіп үлгерді, су қоймалары химиялық препараттармен өңдеуге дайын. Төменгі ағындар арнасына әлі түскен жоқ, сондықтан биологиялық өнімдер қолданылады.