Павлодар облысының әкімі: Кітап – білім көзі ғана емес, тарих пен дәстүрді сақтаушы

Асайын Байханов Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру үшін Қазақстанда Ұлттық кітап күні бекітілді. Бүгін аталған мереке елімізде алғаш рет ресми түрде аталып өтілуде. Ел Президенті Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Біздің ұлтымыздың алға жылжуының ең маңызды қадамдары — кітаптар. Сондықтан біз қоғамда жоғары оқу мәдениетін дәйекті түрде тамырға сіңіруіміз керек», – деп атап өткен.
– Кітап тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар арасындағы көпір, тарих пен дәстүрді сақтаушы. Ұлттық әдебиет халықтың жанын, оның жолын, армандары мен құндылықтарын бейнелейді, – деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Сондай-ақ аймақ басшысы Абай атамыздың «Артық білім - кітапта….», деген даналық сөзін еске салып, ұлттық кітап әр қазақстандықтың дамуындағы сенімді серігі, мәдени қоғам үшін негіз бола беруін тіледі.