Екібастұз жылу беру маусымына қарқынды дайындалуда

Екібастұз жылу беру маусымына қарқынды дайындалуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қыс кезіндегі тәжірибе негізінде жұмыстар үш бағытта жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жұмыс сапары барысында Асайын Байхановқа бірінші бағыт – энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын жүргізу екенін мәлім етті. Ағымдағы жылы бес қазандық агрегаттарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде №5 қазандықта күрделі, №8, 13 қазандықтарда – ағымдағы жөндеу, ал №9, 11 жәнетурбоагрегаттарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №8 және 11 қазан агрегаттарында жұмыстар толықтай аяқталды. №9 қазандықта жұмыстар 15 шілдеде, ал №5, 13 қазандықтарда – 30 шілдеде аяқталады.

Екінші бағыт – жылумен жабдықтау желілерді жаңғырту. Үкіметтің қолдауымен және облыстық бюджет қаражатына ұзындығы бес километрден астам екі жылу магистралі жаңартылуда. 20 шілдеге дейін екі жылу магистралі орнатылады. Соныммен қатар, гидравликалық сынақтар бойынша 195 ақау анықталған. Барлық ақаулар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, қалпына келтірілген. Сондай-ақ, басқа проблемалық учаскелерде ағымдағы жұмыстар жүріп жатыр, он шақырым желі ауыстырылды.

– Бұдан басқа, «Екібастұз жылу желілері» ЖШС күшімен жеті учаскеде 5,5 шақырымды құрайтын желілер күрделі жөндеуден өтуде. Барлық жұмыстарды ескере отырып, биыл 20 шақырымнан астам жылумен жабдықтау желілері жаңартылады, – деп атап өтті Аян Бейсекин.

Объектілерді ыстық сумен жабдықтау бағдарламасына сәйкес, бүгінгі күні көппәтерлі 599 тұрғын үй және 69 әлеуметтік объектіыстық сумен қамтамасыз етілген.

– 13 шілдеден бастап №7 жылу магистралінің бір бөлігі іске қосылмақ. Көппәтерлі 38 үйді және 6 әлеуметтік нысанда ыстық су беріледі. Шілденің үшінші онкүндігінде күзгі гидравликалық сынақтарды өткізуді жоспарда бар, ал тамыздың бірінші онкүндігінде қалған тұтынушылар ыстық сумен қамтамасыз етіледі, – деп уәде берді қала әкімі.

Үшінші бағыт бойынша тұрғын үйледі дайындау керек. Бүгінгі күні көппәрлі 702 тұрғын үйдің 435-інде алдын ала қабылдау шаралары жүргізілген. 169 тұрғын үйде ағымдағы жөндеу және 103 тұрғын үйде үйішілік желілерді күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Аян Бейсекиннің айтуынша, әр тұрғын үй бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі белгіленді және әкімшіліктің бақылауында.