Сейсенбі күні Павлодар облысында +25 градус ыстық болады

Сейсенбі күні Павлодар облысында +25 градус ыстық болады
Фото: Константин Шелков

10 қазанда күн райы ашық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың батысында 15-20 метрді құрайды. Жауын-шашын күтілмейді. 

Ауа температурасы түнде +6...+11, күндіз +20...+25 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.  Сынап бағанасы түнде +8...+10, күндіз +23...25 градус көрсетеді.