Шарбақты ауданында жаңа төселген асфальт жол опырылып қалды
Жолды салуға аудандық депутаттың фирмасы мердігер болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Белгілі болғандай «Шығыс жолдары» ЖШС Хмельницкое ауылында төселген сапасы сын көтермейтін тас жолдан бөлек, тағы екі жолды жөндеуі керек болған. Осы мақсатта орташа жөндеуге 80 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Алайда мердігер жолды жөндеуге бастапқы сомадан азырақ яғни 70 млн тең жұмсауға болатынын айтып, онымен келісім-шарт жасалған.
Өкінішке қарай, аудандық депутат басшылық ететін серіктестік төсеген асфальттың сапасына ауыл тұрғындарының көңілі толмаған. Себебі асфальттың жабыны тұрғындардың көз алдында бұзылып бастаған. Мәселеге жергілікті шенеуніктер мән бермегеннен кейін, жергілікті халық мердігерді сотқа береміз деп шу шығарған.
«Шығыс жолдары» ЖШС директоры Виктор Лямцев видео арқылы ауыл тұрғындарынан кешірім сұрады.
- Ауыл тұрғындарынан жолды жөндеу кезіндегі жіберілген қателіктер үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Абай көшесі бойынша айтылған барлық ескертулер, зертхананың қорытындысы серіктестіктің жеке қаражатынан алынып тасталады, - беді ол.
Аталмыш оқиғаға қатысты Жылыбұлақ ауылдық округінің әкімі Ақылбек Сұлтановта өз пікірін білдіріп, нақты талап қойды.
- Жергілікті жерлерде жабынның жиегі бұзылып жатыр. Осыған байланысты мердігер «Шығыс жолдары» ЖШС-не 10 жұмыс күні ішінде анықталған ақауларды жою шараларын қолдану туралы хабарланды. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда аудан әкімдігі мердігерді адал емес деп тану үшін сотқа жүгінуді жоспарлап отыр, - деді әкім.
Жауапты тұлғалар мердігерге олқылықтарды жоюға кеңес берді.