Шарбақтылық полицейлер киберқылмыстың алдын алды

Шарбақтылық полицейлер киберқылмыстың алдын алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәбірленуші уақтылы көмек сұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шарбақты ауданының полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында кибер алаяқтықтың кезекті жағдайының алдын алуға мүмкіндік туды. Жергілікті тұрғын белгісіз адамдар оған несие алуға тырысты деп шағымданған.

Шақыруға аға жедел уәкіл Арман Баламерген дереу аттанды. Ол әйелге ХҚКО арқылы онлайн-кредиттерді ресімдеуге қолжетімділікті бұғаттауға көмектесті.

– Егер полиция қызметкері болмаса, алаяқтар менің атыма несие алып алар еді. Енді мұндай сұрақтарда не істеу керек екенін білетін боламын. Тәртіп сақшыларына адал жұмыстары үшін алғыс айтамын, – деді ауыл тұрғыны.

Павлодар облысының полицейлері алаяқтықтың алғашқы белгілері кезінде көмек сұраудың маңыздылығын атап өтті.