Екібастұз станциясы дайындық паспортын алмаған болып шықты
Бұл жөндеу жұмыстарының уақытында аяқталмауымен байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесиннің сөзінше, Екібастұз жылу-электр орталығында күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмаған.
– Жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау керек болған, алайде дер кезінде аяқтап үлгермеген. Сондықтан станция қысқы маусымға дайындық төлқұжатын алмады. Яғни, төлқұжат бойынша жөндеу жұмыстары 30 қазанға дейін аяқталуы тиіс деген талаптар бар. Ал бұл жолы қараша айының соңында аяқталды, – деді Вадим Лесин.
Бұл ретте бас директор аталған мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдар ескерту жасағанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз тұрғындарына жылу ақысына 70 пайыз жеңілдік жасалды.