Павлодарда экосаябақ сараптамасының қорытындысы 15 наурызда шығады
Қалалық әкімдікте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кеңес мүшелері Павлодар қаласының бас жоспары, сумен жабдықтау, кәріз, су бұру желілерін, магистральдік және орамішілік жылумен жабдықтау желілерін, жарықтандыру желілерін салу, қайта құру, сондай-ақ қаланың жасыл қорын қайта құру, жағалауды жөндеу бойынша жұмыстарды жобалау және өндіру, Лермонтов көшесін қайта жаңарту, Усолка шағын ауданында Экосаябақ жайластыру жөніндегі іс-шаралар бойынша мәселелерді қарап шықты.
– Биылғы жылы «Орталық жағалауды судан құтқару станциясынан Инвесторлар үйіне дейін күрделі жөндеу» жобалық-сметалық құжаттамасына сараптамадан оң қорытынды алынды. Қазіргі уақытта жұмыстарды орындауға конкурс жарияланды. Жобамен спорт алаңдарын орнату, тас төсеуіштерді орнату және ауыстыру, асфальтбетон төсемдерін орнату, бұзылған тастарды мәрмәр тақтайшалармен ауыстыру, баспалдақ маршының әрлеу жабындарын ауыстыру көзделген, – дейді қалалық мәслихатта.
Ал Усолка шағын ауданындағы экосаябақты абаттандыру бойынша ағымдағы жылдың 15 наурызында сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.
Барлық мәселелер әлі де қаланың қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауында болады.