Шарбақтыда рұқсатсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды
Жұмыс беруші де жазасыз қалмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шарбақты ауданында «Заңсыз келуші – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталды. Олар қажетті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметімен айналысқан.
Заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтарына елде болу тәртібін бұзғаны және рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік шара қолданылды.
Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз тартқан жұмыс берушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, шетел азаматтарын еңбек қызметіне тарту заңнамада белгіленген талаптар мен тиісті рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана мүмкін. Көші-қон заңнамасының сақталуы полицияның тұрақты бақылауында.