Қансорғыштардың әлегі: Павлодарда су қоймаларында өңдеу жұмыстары басталды

Қансорғыштардың әлегі: Павлодарда су қоймаларында өңдеу жұмыстары басталды
Фото: Константин Шелков

Арнайы топ қала бойынша шыбын-шіркейдің бар-жоғын бақылауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, ғылыми топ алдын ала өзендерде, көлдерде, дренаждық су жинақтаушы орындарда және таяз суларда масалардың дернәсілдерінің бар-жоғын бақылайды.

– Қазіргі уақытта «Металлург», «Яблонка», «Реченка», «Клен», «Оңтүстік» бағбаншылықтарында, Успен көпірі, «Алюминий Қазақстан» АҚ, балалар темір жолы, АЭА маңында, Усолка, Зеленстрой, Жаңаауыл шағын аудандарында, Кенжекөл ауылы мен Атамекен кентінде, «14-жылдық», Малайсары батыр көшелеріндегі су қоймалары мен таяз сулар өңделді, – дейді әкімдікте. 

Бақылау және масалардың дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары жалғасатын болады.