Екібастұз қаласында монша өртке оранды

Екібастұз қаласында монша өртке оранды
Фото: Константин Шелков

Өрт жарты сағаттың ішінде жойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 наурыз күні сағат 20:30 шамасында өрт сөндіру пультіне Беркімбаев көшесі, 166А мекенжайы бойынша моншадағы түтін туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орын алған жерге өрт сөндірушілер 20:35-те жетті. Монша-сауықтыру кешенінің бірінші қабатындағы жалпы алаңы 9 шаршы метр ағаш қаптауының жанып жатқаны анықталды.

Өрт сағат 20:45-те оқшауланып, 20:55-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себеп пен залал анықталуда.