Илон Маскке Түркияда Tesla шығаратын зауыт ашу ұсынылды
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Tesla компаниясының жетінші зауытын Түркияда салуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Ердоған Нью-Йорктегі Türkevi-нде SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскпен кездесті. Маск қонаққа ұлын ертіп келді.
Президенттік коммуникациялар кеңсесінің мәліметінше, Ердоған Маскке Түркияның технологиялық жетістіктері, Digital Turkey Vision бағдарламасы және ұлттық жасанды интеллект стратегиясы туралы баяндап берген.
Ол Tesla-ның түрік нарығына шығуы Togg өндірісінің іске қосылуымен тұспа-тұс келгенін еске салды.
Кездесуде президент Ердоған Түркия жоғары технология саласындағы ең маңызды өндіруші елдердің бірі екенін айтып, елдің ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы жетістіктерін мысалға келтірді.
Маск келешекте соғыстар қазіргі заманғы ұшқышсыз ұшақтар арасында жүргізілетінін және әлемнің Bayraktar-дың ұшқышсыз ұшу аппаратына деген қызығушылығын білетінін айтты.
Түркия президенті Маскты Измирдегі Teknofest фестиваліне шақырды.